Қазақстандық өнерпаздар Түркияда өткен байқауда жеңіске жетті

10 Қазан, 15:17
0
Қазақстандық өнерпаздар Түркияда өткен байқауда жеңіске жетті -

Түркияның Алания қаласында 5-14 қазан аралығында І халықаралық Global Art Competition музыка байқауы аясында ұлы ойшыл, қазақтың бас ақыны, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "HAKIM ABAY" атты концерттік-танымдық кеш өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Павлодар облыстық білім беру басқармасының мәлімдетінше, шараға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, Дина Мейірманова, Дмитрий Ковалев сынды белгілі музыканттар қатысуда. Сондай-ақ, Павлодар музыкалық кешенінің басшысы Серік Сыздықов, ұстаздары Яна Касьян, Сәуле Мусипова, Марго Колаян және "Каприччио" скрипкашылар ансамблі барған.

"Бір жарым сағаттық концерт жоғары деңгейде өтті және кеш қонақтарға ұмытылмас әсер қалдырды. Байқауда Түркия, Грузия, Қазақстан мемлекеттерінен Қазақстанның атынан 40 шақты үміткер бақ сынауда. Олардың басым бөлігі, яғни 16 үміткер Павлодар музыкалық кешенінен екенін атап өткен жөн. Музыкалық байқау - "Павлодар қаласындағы мәдениетті қолдау" қоғамдық қорының жетекшісі Яна Касянның Түркия еліндегі әріптестерімен бірлесіп жасаған жобасы", - дейді музыкалық колледж-музыкалық мектеп интернатының директоры Серік Сыздықов. 

Өнер иелері фортепиано, скрипка, халық аспаптары, вокал номинациялары бойынша бақ сынады.

Қазылар алқасының құрамында белгілі скрипкашы Яна Касян, Астана қаласынан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Жылтыркөзов, Түркия мен Грузия елдерінің өкілдері төрелік еткен.

Алғашқы бөлімнің қорытындысы бойынша музыкалық колледждің студенттері мен оқушылары Жанерке Маукенова, Айғаным Кенжеш, Анель Данияр, Дана Ыбыраева, Дильназ Жанкүшікова және Сергей Фатеев 1 орынды иеленді. Бас жүлдені Әдина Букаева жеңіп алды. Сондай-ақ, Назымгүл Шапағатова, Әсел Қожан, Маия Бощаева, Назерке Достова, Айгерім Бауыржанов, Малика Әбішева, Лиана Хван, Аружан Балгабаева жүлдегер атанды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай