Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің концертіне неге келмеді?

27 Маусым 2017, 21:54
0
Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің концертіне неге келмеді? - Лара Фабиан
Лара Фабиан

Димаш Құдайбергеннің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Астанадағы концертке әлемге аты танылған Лара Фабианның неге келмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Министрліктің тарапынан ұсыныстар болған, бірақ біз шығармашылық ұжымда талқылай келе, бүгін өнер көрсететін әншілерді таңдадық. Лара Фабианмен алдағы уақытта дуэт болады. Себебі бұл жақсы шығармашылық идея, оларда да жақсы шығармашылық ұжым. Болашақта болады, мұндай дүниелер асығыстықпен болмайды", - деді Қанат Айтбаев. 

Айта кетейік, осыған дейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Лара Фабианның Димашпен Астанада бірге ән орындауға дайын екенін мәлімдеген болатын. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, концертке дайындық 2,5 ай бойы жүргізілген. Қазақстандық режиссер әрі бүгінгі шоудың ұйымдастырушыларының бірі Асхат Маемиров Фабианмен дуэтті болашақтағы концертке дайындайтынын жеткізді. 

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің алғашқы үлкен концертінде шведтің танымал әншісі Лорин (Loreen), қазақстандық опера әншісі Майра Мұхамедқызы және басқа да әншілер қатысады. Димаш Құдайбергеннің концерті "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай