"Меломен" тобының бейнебаянына махаббат символына айналған қазақстандық танымал жұптар түсті

23 Желтоқсан 2015, 15:23
0
"Меломен" тобының бейнебаянына махаббат символына айналған қазақстандық танымал жұптар түсті - "Меломен" тобы
"Меломен" тобы

"Меломен" тобының бейнебаянына махаббат символына айналған қазақстандық танымал жұптар түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейнебаян көрермендерге жақын арада көрсетіледі.

Топ мүшелерінің айтуынша, бейнебаян Бауыржан Есебаевтың әні мен сөзіне жазылған "Сүйгенім бол" атты әнге түсірілген. Бейнебаянның негізгі идеясы Бауыржан Есебаев пен режиссер Еркін Сатеновтікі. "Жастарға үлгі болсын деген ниетпен бейнебаянда махаббат символына айналған танымал жұптар - Ескендір ағамыз бен Дарико апайымыздың, Рамазан Стамғазиев пен Ұлту Қабаеваның, Жанболат пен Жазираның ойнағанын жөн көрдік", - деді әншілер.

"Меломен" тобының әншілері бейнебаянды түсіру барысында болған ерекше жағдайға да тоқталып өтті.  "Түсірілім барысында Ескендір ағамыздың үйіне бардық. Дарико апайымыз өзінің қонақжайлығын көрсетті. Ескендір аға ел, жер туралы әнін бізге сыйға тартты. Осылайша олжалы болып қайттық, өте қуаныштымыз. Әнін сыйға берген сәтте қатты толқыдық", - деді топ мүшелері.

Еске сала кетейік, "Меломен" тобының мүшелері бұған дейін редакциямызға сұхбат берген болатын. Жігіттер топтың жаңалықтарын, алға қойған жоспарларын бөлісті. Сонымен қатар, олар қазақстандық эстраданың қазіргі күйіне баға беріп, доллар бағамының өсуі өздеріне қалай әсер еткенін айтып берді. "Меломен" тобының әншілері МС Сайлаубек қазақтың жүрегінен орын алуы үшін не істеу керек екеніне де тоқталып өтті.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай