28 қараша 2021 16:36

Ninety One атақты америкалық радио диджейіне сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/ninetyone © instagram.com/ninetyone

Мансап жолын АҚШ-та жалғастыруды жоспарлап жүрген қазақстандық Ninety One тобы Вирджиния Бич аймағына таралым жасайтын, ең үздік 40 хит әнді ойнататын, 100.5 радиосының атақты диджейі Алекс Уотерске сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі massaget.kz порталына сілтеме жасап. 


Мансап жолын АҚШ-та жалғастыруды жоспарлап жүрген қазақстандық Ninety One тобы Вирджиния Бич аймағына таралым жасайтын, ең үздік 40 хит әнді ойнататын, 100.5 радиосының атақты диджейі Алекс Уотерске сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі massaget.kz порталына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Алекс Уотерс - осы уақытқа дейін ең танымал жұлдыздармен сұхбаттасқан диджейлердің бірі.

Сұхбат барысында Ninety One тобының АҚШ нарығына өтуі және болашаққа жоспарлары туралы сұрақтар қойылды. Олардың АҚШ-тағы менеджері Дэвид В Рейносо және атқарушы директор Қымбат Жақыпова топтың алдағы жоспарларының шет-жағасын бөлісті. Соның ішінде Нью-Йорк қаласындағы ең танымал Таймс-Скверде өтетін жеке концерттік іс-шара 2022 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарланып отырғанын айтты. 

"Q-pop және K-pop бір-бірінен ерекшеленеді. Біз жаңашылдық әкелеміз. Бұл - Орталық Азия. Сіздер білетін Азия біздің мәдениеттен, ділден және тілден өзгеше" - деп ZaQ Алекстің қазіргі "Азия дәуірі" туралы сұрағына жауап берді. 

Расында, бірнеше жыл қатарынан музыкалық чарттарда көш бастап жүрген оңтүстіккореялық BTS, супер қаһарман Шан Чи және жақында ғана бүкіл әлемді шулатқан "Кальмар ойыны" сериалына қарап, дәл қазіргі сәтте АҚШ-та "Азия дәуірі" жүріп жатқанын байқауға болады. 

Ninety One тобының АҚШ-тағы мүмкіндіктері туралы америкалық менеджер Дэвид Рейносо бүгінгі "Азия дәуірін" осыдан 15 жыл бұрын бастау алған "Латино дәуірін" салыстыра отырып жауап берді. Дженнифер Лопес алғаш боп ән айта бастағанда, көптеген адам оның жетістігіне жаһандық ауқымдағы латын таланттарының өкілі ретінде баға бергенін және АҚШ аудиториясының назарына іліккенін айтты. Көп ұзамай Марк Энтони, Рики Мартин және Шакира топ жарған сәтте, БАҚ өкілдері бұл кезеңнің "Латино дәуірі" екенін жарыса жазғанын да атап өтті. Бұл музыка жанры аудиторияның сұранысын қанағаттандыра алмады, талап арта берді. "Despacito" әнінің өзі Латын Америкасындағы туризмге ықпал етіп, көптеген адамның испан тіліне деген қызығушылығын оятты. 

"Сұраныстың артқаны соншалық латын музыкасының жаңа жанры да дүниеге келді. Ол "Реггетон" деп аталады. Бұл жанр рэпті, реггиді және кейбір поп элементтерін алып, испан және ағылшын тілінде орындалады. Жанр алаңды өз тыңдармандарымен толтыратын жаңа толқынның басталуына себеп болды. Дон Омар, Дэдди Янки және Джей Бальвиннің кез келген туындысы хитке айналады.

Ninety One және Q-pop жанрын "Азия дәуірінің" "реггетоны" деп санаймын. Топ АҚШ аудиториясына Q-Pop пен K-Pop арасындағы айырмашылықты көрсететін болады" - дейді америкалық менеджер Дэвид Рейносо.

Сонымен қатар, радио жүргізушісі Алекс Уотерс әңгіме барысында Вирджиния Бичте жыл сайын Hot 100.5 ұйымдастыратын үлкен концерт туралы атап өткен болатын. Пандемияға байланысты концерт 2 жыл қатарынан кейінге шегерілген еді. Бірақ рұқсат берілсе, 2022 жылы концерттік бағдарлама қайтадан қолға алынады. Алекс Уотерс сұқбат барысында жігіттерді сол концертте өнер көрсетуге шақырды.

Сұхбаттың арнайы қонақтары Димаш Құдайбергеннің бэк-вокалистері Джордан Аракелян мен Зарина Божакова болды. Олардың вокалдық деңгейіне АҚШ Сони Мьюзик өкілдері тәнті болып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеген болатын.

Шығармашылық және жаһандық жұлдыз ретінде өздерін қалыптастырып, әрі таныту үшін атқарушы директоры Қымбат Жақыпова Бейонсемен 9 жыл жұмыс істеген биші әрі хореограф Аманди Фернандесті Қазақстанға әкелген болатын. Елімізге алғаш келген хореограф өзінің саяхаты жөнінде ойын айтты. 

"Иә, менің бұл Қазақстанға алғаш келуім. Қазақстан туралы бейхабар болдым. Осында болған бір айдың ішінде түрлі шеберлік сабақтарын өткіздім. Адамдары өте қонақжай, ашық-жарқын. Жатырқау сезімі болған жоқ. Мүмкіндік болса тағы келемін" - дейді Аманди. 

Осындай қолдау мен жоспарлар арқылы Ninety Оne Қазақстандағы соңғы альбомын шығарып, жаңа белестерді бағындыруға бет алды. Топ ағылшын тіліндегі альбомын америкалық аудиториямен танысқаннан кейін қолға алуды жоспарлап отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети