04 желтоқсан 2020 09:45

Скриптонит Apple Music нұсқасы бойынша Ресейдегі ең танымал әртіс атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов Apple Music нұсқасы бойынша Ресейдегі ең танымал музыкант рейтингіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов Apple Music нұсқасы бойынша Ресейдегі ең танымал музыкант рейтингіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рэпер Скриптонит платформадағы алғашқы үштікке енді. Одан кейін MORGENSHTERN, Zivert сынды ресейлік әншілер тұр.


Фото:vk.com/scriptonite

Сонымен қатар, үздіктердің қатарына тағы бір қазақстандық әнші енді.

Жылдың ең танымал әні рейтингінде "Комета" әнімен JOHNNY тұр. Тізімнен NILETTO ("Любимка"), The Weeknd (Blinding Lights), GAYAZOV$ BROTHER$ ("Увезите меня на Дип-хаус"), Zivert (Credo), MORGENSHTERN & Элджей (Cadillac), Tones And I (Dance Monkey), Artik & Asti (Девочка танцуй), қазақстандық The Limba & Andro (X.O), HammAli & Navai ("Прятки") әндерін көруге болады.

Сонымен қатар, Shazam қолданушылары әлемде және Ресейде биыл аустралиялық әнші Tones And I. С-дің I. dance Monkey әнін қосымша арқылы 24,6 миллион рет іздеген. Бұл Shazam-дағы абсолют рекорд болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети