02 маусым 2018 10:04

The Spirit of Tengri бүгін басталады. Ғарыштан көрінетін шоу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін кешке Алматыдағы Республика Сарайының алдында орналасқан Абай атындағы алаңда VI Халықаралық заманауи этникалық The Spirit of Tengri музыка фестивалі басталады. Фестиваль алдында Tengrinews.kz тілшілері кейбір ұжымдардың қатысушыларымен тілдесті - нигериялық Ezza, израильдік Q2A және Франциядан келген YELÉ топтары.


Бүгін кешке Алматыдағы Республика Сарайының алдында орналасқан Абай атындағы алаңда VI Халықаралық заманауи этникалық The Spirit of Tengri музыка фестивалі басталады. Фестиваль алдында Tengrinews.kz тілшілері кейбір ұжымдардың қатысушыларымен тілдесті - нигериялық Ezza, израильдік Q2A және Франциядан келген YELÉ топтары.

"Әлемдік музыка сахнасында біз туарег тайпасының стилінде өнер көрсетеміз. Біздің топ сегіз жыл бұрын құрылды. Қазақстанға алғаш келуіміз. Бізді шақырған сәттен бастап қызығушылығымыз пайда болып, The Spirit of Tengri қандай екен дей бастадық. Біз қатты таңғалдық. Қазақстандық тыңдарманды таңғалдырып, нағыз көңіл-күйді сыйлаймыз деп сенгіміз келеді", - деді трио жетекшісі Ezza Adam Goumour.

Сонымен қатар, The Spirit of Tengri сахнасына израильдік Q2A тобы да тұңғыш рет шығады - музыканттар джаз стилінде араб сарыны мен африкалық ритмді ұштастырады. Бұл ұжым Израильдің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен келді.

"Біз Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Фестивальге келген барша жұртпен өте сәнді кеш өткіземіз деп үміттенеміз. Керемет әндер дайындадық, The Spirit of Tengri фестивалінде сіздерді асыға күтеміз", - деді Q2 фронтмені Elyasaf Bashari.

"Біз Жакпен танысып, түрлі фестивальдерге қатыса бастадық. Эксперимент жасадық, африкалық музыка мен австралиялық музыканы араластырдық. Топтың аты балаларымыздың есімдері бірдей болып шыққандықтан осылай қойылды. Yele сөзі "жарық" дегенді білдіреді. Біз африкалық ерекше аспаптарды қолданамыз. Жак вакора деп аталатын ерекше гитарада ойнайды. Сонымен қатар, Жак осы топтың вокалисі. Команданың үшінші қатысушысы Австралияның аспабын қолданады - диджериду, сонымен қатар, едоки аспабын. Біздің топ музыканың түрлі жанрын қолданады: поп, рок, джаз, австралиялық музыка, сөйтіп біздің өз жанрымыз шығады", - деді YELÉ мүшесі Losso Keita.

VI Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі 2 және 3 маусымда Алматыдағы Респубика Сарайының алдында орналасқан Абай алаңында өтеді. Концерттердің басталуы - 17:00. Кіру тегін. Қонақтарды сапалы, дәстүрлі, жанды дауыстағы әуендер, ғарыштан көрінетіндей жарық түсірілетін әдемі, күшті, жанды шоу күтіп тұр. Оның үстіне әрине көптен келе жатқан "отбасылық" жылылық бар. 

Фестиваль Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Жобаның бас серіктесі - Magnum Cash&Carry желісі. Tez Tour Kazakhstan тур операторы да қолдау білдіреді. Қонақтарды "Қазақстан" (Hotel Kazakhstan) қонақ үйі қарсы алады. Фестивалге техникалық қолдау білдіретін - KZ Sound компаниясы.  

The Spirit of Tengri - қазақ жерінде әлемнің этникалық дәстүрін көрсетуге бағытталған мултимәдени жоба. 2012 жылы ұлттық Tengri FM радиостанциясы бекіткен. Бес жылда 100 мыңнан аса қонақ пен көрермен қамтылды. Оның сахнасында 30 елдің музыканттары өз өнерін көрсетті. Оның арасында түркиялық BaBa Zula тобы, қытай-моңғолиялық Hanggai ұжымы, мадиярлардың Tilla Török Band&Holdviola тобы, эстониялық TRAD.ATTACK! этнобэнді, грузиндік The Shin триосы, Башқұртстанның "Аргымак" тобы, бурят-фин-норвегиялық Nordic Namgar тобы, тывалық Радик Тюлюш "Чалама" жобасымен сахнаға шықты. Қазақстанның атынан "Алдаспан", "Шарапат", "Тиграхауд, Roksonaki топтары мен фольклорлық шығармашылығымен танылған мэтр Еділ Құсайынов та бар.  

Еске сала кетейік, осыған дейінгі жылдары фестивальдің басты серіктесі Kaspi.kz болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети