14 қараша 2015 11:40

U2 тобы Париждегі концертін кейінге қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Eagles of Death Metal тобының концерті өткен ғимарат. ©Reuters Eagles of Death Metal тобының концерті өткен ғимарат. ©Reuters

Әлемге әйгілі U2 Париждегі концертін кейінге қалдырды. Бұл туралы ұжымның ресми сайтында хабарланды. Айта кетейік, концерт 14 қарашаға жоспарланған болатын.


Әлемге әйгілі U2 Париждегі концертін кейінге қалдырды. Бұл туралы ұжымның ресми сайтында хабарланды. Айта кетейік, концерт 14 қарашаға жоспарланған болатын.

"Біз Париждегі жағдайды естіп қатты таңғалдық. Бүгін біздің жүрегіміз теракт құрбандарының отбасымен бірге. Eagles of Death Metal тобының концертінде адамдардың қаза тапқаны туралы ақпараттан кейін сағымыз сынды. Бұл топтың жанкүйерлері үшін дұға оқимыз. Париждегі жанкүйерлеріміздің қауіпсіздікте болуын тілейміз", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, NBC телеарнасы Eagles Of Death Metal тобының бір мүшесі "Батаклан" клубында қаза тапты деп хабарлаған болатын. Дегенмен бұл ақпарат кейін жоққа шығарылды. "Батаклан" клубында өнер көрсеткен Eagles of Death Metal тобының мүшелері аман-есен.

Еске сала кетейік, Париждегі теракт жұма күні кешкі уақытта болды. Ақпарат құралдарының мәліметінше, белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың даусы естілді. Бұл ойынға Франция президенті Франсуа Олланд келген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети