27 шілде 2015 08:09

Уитни Хьюстонның қызы алты айлық комадан кейін қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©People.com ©People.com

Уитни Хьюстон мен Бобби Браунның жалғыз қыздары Бобби Кристина Браун (Bobbi Kristina Brown) алты айлық комадан кейін жексенбі күні, 26 шілдеде қайтыс болды, - деп хабарлайды NBC News. Ол өз үйінің жуынатын бөлмесінде табылған болатын. Ақпарат құралына бұл хабарды марқұмның отбасы беріп отыр.


Уитни Хьюстон мен Бобби Браунның жалғыз қыздары Бобби Кристина Браун (Bobbi Kristina Brown) алты айлық комадан кейін жексенбі күні, 26 шілдеде қайтыс болды, - деп хабарлайды NBC News. Ол өз үйінің жуынатын бөлмесінде табылған болатын. Ақпарат құралына бұл хабарды марқұмның отбасы беріп отыр.

"Ол Құдайдың қолында тыныштық тапты. Соңғы бірнеше айда көмек қолын созып, қолдау білдіргендерге алғыс айтқымыз келеді", - деді марқұмның туыстары.

22 жастағы Браун оны азаматтық некедегі күйеуі Ник Гордон 31 қаңтарда Джорджия штатының Розуэлл қаласындағы үйінде жуынатын бөлмеде тауып алғаннан кейін ес-түссіз алты айға жуық уақыт жатты. Отбасы оның бас миының емге келмейтін дәрежеде жарақатының бар екенін хабарлаған. Бастапқыда Бобби Кристина бірнеше ауруханаға жатқызылды, кейін денсаулығының нашарлығына байланысты хосписке ауыстырылды.

Оның сот тағайындаған қамқоршысы болса Гордонның үстінен 10 миллион доллар өтемақы төлетуге арыз жазды. Құжатта қайғылы оқиға болған күні екеуінің ұрысып қалғандығы айтылады.

Шағымданушының пікірінше, Браун Гордонның әрекетінен кейін "өмірге қауіпті зақым алды". Қамқоршының болжамы бойынша, Гордон Бобби Кристинадан анасынан қалған мұраны тартып алу үшін оны соққыға жыққан. Шағымда Браунның ес-түссіз жатқан кезінде Гордонның оның есепшотынан 11 мың долларды жымқырғаны айтылады.

Ал полиция болса болған оқиғаны жазатайым оқиға, кісі өлтіруге оқталу және қастандық жасауға дайындалу ретінде қарастырып отыр. 2015 жылдың ақпанында Гордонға Бобби Кристинаға ауруханаға келуге тыйым салынды. 

Гордон Уитни Хьюстонның асырап алған баласы, кейін ол әншінің қызымен кездесе бастады. Шешесінің өлімінен кейін 2012 жылы жұп бір-бірін әйелі мен күйеуі деп айта бастады, алайда олар ресми түрде некелеспеген еді.

Уитни Хьюстон 2012 жылдың 11 ақпанында Беверли-Хиллз қонақүйінің бөлмесінде қайтыс болды. Оның денесін жуынатын бөлмеден туысы тауып алған еді, дәрігерлер оған көмектесе алмады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети