Алматыда борсықтардың арпалысы фототұзаққа түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы борсықтар әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы мемлекеттік табиғи қорығындағы борсықтар әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Видео қорықтың қорғалатын аумағына орнатылған фототұзаққа түсірілген. Кадрға екі жануардың арпалысы түсіп қалған.

Борсық (лат. Meles meles) Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында мекендейді. Ол көбіне таңсәріде, кешке және түнде белсенді, алайда тұйық тіршілік салтын ұстанады.

"Ол азыққа талғампаз емес: рационын ұсақ кеміргіштер, құстар мен олардың жұмыртқалары, жыландар, кесірткелер, жәндіктер және өсімдік тектес тағамдар құрайды. Азық іздегенде кейде кордон маңына дейін жақындайды", – деп мәлімдеді қорық өкілдері.

Бұл жануар қысқы ұйқыдан ақпанның аяғында – наурыздың басында оянады. Көбею кезеңі наурыздан маусымға дейін жалғасады, әдетте 1-ден 5-ке дейін төлі болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная