Қазақстандық әуекомпания Жидда мен Мәдинаға баруды жоспарлағандар үшін жадынама жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хабарлама Air Astana әуекомпаниясының ресми Telegram-арнасында жарияланды.
"10 ақпаннан бастап умра мен қажылыққа баруға ниетті 1 жастан асқан барлық жолаушының менингококк инфекциясына қарсы егу сертификаты болуы керек", - делінген хабарламада.
Вакцинацияға қойылатын талаптар туралы да айтылды.
"Менингококқа қарсы төрт валентті (ACYW-135) полисахарид вакцина кейінгі 3 жыл ішінде және Жидда, Мәдинаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек. Немесе менингококкқа қарсы төрт валентті (ACYW-135) конъюгаттық вакцина кейінгі 5 жыл ішінде және қалаға келерден кемінде 10 күн бұрын салынған болуы керек".
Қосымша ақпаратты Сауд Арабиясы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан таба аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!