Қазақстандық фотограф Дмитрий Доценко Алматы облысындағы ең көрікті орындардың бірі – Асы үстіртінде түсірілген атмосфералық суреттер сериясын бөлісті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Доценко бұл суреттерді өзінің Instagram-парақшасында жариялады.
"Биік таулы Асы үстіртінде жаз дәл осылай басталады. Жаңа шыққан көк шөп, гүлді кілемдер, шопандар киіз үйлерін тігіп қойған. Бұл көріністер әрі асқақ, әрі жылы", – деп жазды ол.
Доценко бұл суреттерді 6 маусымда түсіргенін айтты.
"Фотаппаратқа түсірдім. Аптаның ортасы болса да, туристер көп болды. Абырой болғанда, қоқыс байқамадым, айнала салыстырмалы түрде таза болды. Қазір Асы үстірті керемет – бәрі гүлдеп тұр. Онда өте әдемі сәттерді түсіруге болады", – деді ол.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!