Қазақстанға тұруға келетін шетелдіктер қай өңірлерді таңдайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 29 282 адам келсе, елден кеткендер саны – 12 732 адам болды. Көші-қон сальдосы - 16 550 адам. Осылайша, қатарынан екі жыл бойы сыртқы көші-қонның оң сальдосы байқалып келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2024 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 29 282 адам келсе, елден кеткендер саны – 12 732 адам болды. Көші-қон сальдосы - 16 550 адам. Осылайша, қатарынан екі жыл бойы сыртқы көші-қонның оң сальдосы байқалып келеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сілтеме жасап.

2023 жылмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 15,3 пайыз артқан, ал сытрқа көшіп кеткендер саны 20,9 пайызға азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген.

"Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан келгендердің үлесі 81,6 пайыз болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 74,8 пайыз болды. Басқа елдердің ішінде көшіп келгендердің көпшілігі Қытайдан, Моңғолиядан және Түркиядан болған, ал басқа елге кеткендердің басым бөлігі Германия, Польша және АҚШ-қа кеткен", - делінген хабарламада.

Шетелден тұрақты тұру үшін келгендер негізінен Алматы (6 260 адам), сондай-ақ Алматы (4 788) және Маңғыстау (3 680) облыстарын таңдаған. Керісінше сыртқа кеткендердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан (2 133 адам), Қарағанды (1 588) және Шығыс Қазақстан (1 195) облыстарында тіркелген.

"Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 2023 жылмен салыстырғанда 47,6 пайыз өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде оң сальдо қалыптасып отыр, олар Астана (73 238 адам), Алматы (36 061 адам), Шымкент (9 361 адам) қалалары мен Алматы облысы (2639 адам)", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная