Қазақстандық саяхатшылар жақын арада Астана мен Алматыдан тікелей рейстер арқылы Гонконгқа ұша алатын болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қазақстандық делегация Гонконгтың халықаралық әуежайына барды. Сапар барысында Гонконгтың Көлік және логистика бюросы директорының орынбасары Келвин Ма, Гонконг халықаралық әуежайының бас директоры Вивиен Ченг, сондай-ақ өңірдің жетекші әуекомпаниялары — Hong Kong Airlines, Cathay Pacific және Hong Kong Air Cargo басшылығымен кездесулер өтті.
"Ақпаратқа сәйкес, келіссөздер барысында гонконгтық әуекомпаниялардың Алматы және Астанаға жолаушылар рейстерін ашу жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды. Бұл ретте әуе еркіндігінің бесінші деңгейі қолданылмақ", – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Сонымен қатар, комитет Гонконг халықаралық әуежайы соңғы 14 жыл бойы жүк тасымалы көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын еске салды. 2024 жылы әуежайдың жүк айналымы 4,9 миллион тонна болады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!