Қостанай - Астана рейсіндегі оқиға: тексеріс басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай - Астана рейсіндегі оқиға: тексеріс басталды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Көлік министрлігі Qazaq Air әуе компаниясының Қостанай - Астана рейсіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Көлік министрлігі Qazaq Air әуе компаниясының Қостанай - Астана рейсіндегі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Qazaq Air әуе компаниясының Қостанай - Астана бағыты бойынша сенбіде орындалуға тиіс болған тұрақты рейсі техникалық ақауға байланысты ұшу алаңынан қайтарылды. Әуе кемесіндегі ақау анықталған соң, ұшу процесі қауіпсіздік мақсатында тоқтатылған. Кейбір жолаушылар шассидің маңында жарқыл көргенін айтқан.

"Бұл жайт техникалық тексеріс кезінде есепке алынады. Ақауды анықтау және жою үшін компанияның техникалық тобы Қостанай әуежайына жіберілді", - деп хабарлады Qazaq Air баспасөз қызметі.

Әуе компаниясы жолаушыларға барлық қажетті қолдау шараларын ұсынды: қонақүйге орналастыру, билеттердің толық құнын сатып алынған жерінде қайтару немесе өзге рейстерге ауыстыру мүмкіндігі берілді.

Көлік министрлігінің пікірі

Оқиғаға қатысты Көлік министрлігі ресми пікір білдірді.

"Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсінде болған авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады. Бұл жұмысты министрліктің Көліктегі оқиғаларды тергеу департаменті жүргізеді", - делінген ведомство хабарламасында.

Министрлік тексеріс қорытындылары бойынша қосымша ақпарат берілетінін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қажет шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная
Иконка Tengri health
Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная
;