2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 30 пайызға әлсіреген

10 Ақпан 2016, 10:19
1
2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 30 пайызға әлсіреген - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 30 пайызға әлсіреген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2015 жылы теңге нақты көрсеткіш бойынша 29,9 пайызға әлсіреді (34 елдің валюталарына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамы индексінің өзгеруі), ал 2014 жылдың басынан бастап 2015 жылғы желтоқсан аралығында әлсіреу 25,6 пайызды құрады. Теңгенің Ресей рубліне қатысты әлсіреуі 2015 жылы нақты көрсеткіш бойынша (нақты айырбастау бағамы) 29,3 пайызды құрады, ал 2014 жылдың басынан бастап нақты көрсеткіш бойынша 1,9 пайызға әлсіреді", - делінген банктің хабарламасында.

Сонымен қатар, 2015 жылы теңгенің АҚШ долларына қатысты 36,5 пайызға, ал 2014 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың желтоқсаны аралығында - 42,6 пайызға әлсірегені айтылады. Өткен жылы еуроға қатысты 22,7 пайызға, ал 2014 жылдың басынан бері 26,7 пайызға әлсірегені белгілі болып отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай