21 қаңтар 2015 13:34

Алматылықтар желтоқсан айында кафе-мейрамханаларға 5,8 миллиард теңге жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©almaty.menu.ru ©almaty.menu.ru

Алматы тұрғындары өткен желтоқсан айында кафелер мен мейрамханаларға 5,8 миллиард теңге жұмсаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда, төрттен бірге көп, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ranking.kz рейтинг агенттігіне сілтеме жасап. Республика бойынша бір ересек адамға жұмсалған ең жоғарғы орташа айлық есепшот көрсеткіші Маңғыстау облысында тіркелді. 

Өткен желтоқсан айында Қазақстан бойынша тағам өнімдері мен сусындарды ұсынатын компаниялар барлығы 28,2 миллиард теңге табыс тапқан. Қоғамдық тамақтану орындары табысының жылдық өсімі 3,4 миллиард теңге болды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,6 пайызға көп. 

Дәмханалар мен мейрамханалар табысының жылдық өсімі жөнінен Солтүстік Қазақстан (493,6 миллион теңге, 79,2 пайыз), Жамбыл (1,2 миллиард теңге, 51,7 пайыз) облыстары көш бастап тұр. Айдағы абсолют өсім жөнінен Алматы қаласы алда - 1,2 миллиард теңге. Өткен айда алматылықтар кафе-мейрамханаларға 5 миллиард 815 миллион 900 мың теңге жұмсаған.

Тамақтану орындарында бір ересек адамға жұмсалған ең жоғарғы орташа айлық есепшот Маңғыстау облысында тіркелді - 9,2 мың теңге. Атырау облысында экономикалық жағынан белсенді әр азамат дәмханалар мен мейрамханаларға орташа есеппен 8,2 мың теңге жұмсаған. Алматы қаласы үшінші орында - бір адамға 7,2 мың теңгеден келеді. Ал Астана тұрғындарының тамақтану орындарында жұмсаған орташа шығындарының көлемі - 6,1 мың теңге. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 2014 жылдың 10 айында Қазақстан тұрғындарының миллиондаған долларға шампан мен мандариндер сатып алғаны хабарланған болатын. Жылдың басынан бері қазақстандықтар 78 мың литр аққайнар ішіп (992 мың доллар), 30 мың тонна мандарин (19,2 миллион доллар) жеген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети