Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 23 сәуірдегі таңғы саудасында 326,21 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 20 сәуірдегі күндізгі сессияда доллар бағамы 326,14 теңге болған еді.

23 сәуірдегі таңғы сауданың бірінші келісімі 326,30 теңгемен өтті. Максималдық құны - 326,50 теңге, ал минималдық құны 326 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 30,2 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 324-327,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астана уақытымен сағат 11.07-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 74,06 доллар болды.