Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бағаны шартты бірліктермен белгілегендер жазаланатын болады

25 Желтоқсан 2014, 13:09
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Қазақстанда бағаны шартты өлшеммен көрсеткендер жазаланады, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. 

Астанада жалпыұлттық телекөпір кезінде Досаев бағаны шартты бірліктермен көрсетуге салынған тыйым бұрыннан бар екенін түсіндіріп берді. 

"Бағаны шартты бірліктермен көрсетуге тыйым салынған, бірақ біздегі баға әлі де шартты өлшеммен жазылады. Негізінде олай болмауы керек, бұл біздің ойдан шығарып алғанымыз, ол кеңестік кезеңде ойдан шыққан. Мұнымен күресу керек, себебі адамдар ақшаларын бірден басқа бағам бойынша қайта санай бастайды. Бізде бұған тыйым салынғанын айтатын кез келген шығар. Адамдар бағам өзгерсе, тауардың бағасы да жаңарады деп күтіп жүр. (...) Біздің айтып отырғанымыз баға теңгемен көрсетілуі керек", - деді Досаев.

Tengrinews.kz тілшісінің "хабарландырулардағы сатылатын көлік пен баспана бағасы шартты бірліктермен көрсетілсе, оларға жаза қолданыла ма?" деген сұрағына Досаев "иә" деп жауап берді, "Біз әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске дерек тіркелген орында жазалауды арнайы кіргізгелі отырмыз", - деді ол.

Сонымен қатар Досаев ақша айырбастау пункттерінде қойылатын қатаң талаптар туралы мынандай түсінік берді: "Айырбас пункті - капиталға айналдыратын орын, яғни оларда барлық транзакцияны жүзеге асыра алатын тиісті капитал болуы тиіс. Талап орындалмаса лицензиялары алынады".

24 желтоқсанда Қазақстан Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкі 2015 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Қазақстанның валюта саясаты 2015 жылы Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталатыны айтылған. Сонымен қатар теңге бағамының күрт ауытқуы болмайды. Бағаны шартты бірліктермен көрсетуге тыйым салынады. Сондай-ақ доллармен сақталған депозиттердің жылдық сыйақысы төмендейді.

Мәлімдемеден кейін экономист Олжас Құдайбергенов 2015 жылы девальвация болмайды деген тұжырым жасады. Сонымен қатар ол Қазақстандағы долларсыздандыру кезінде қолданатын шаралардың бірқатарын ұсынды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай