22 мамыр 2017 10:59

Биыл Қазақстанда бірнеше салада еңбекақы өсті - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан кәсіпорындары іскерлік белсенділіктің қалыпты деңгейіне келу аясында өз қызметкерлеріне назарын арттырып отыр. Биыл экономиканың 45 саласында (48 пайыз) еңбекақының өсімі байқалды. Былтыр бұл көрсеткіш 33 салада болған (35 пайыз), - деп хабарлайды Energyprom.kz сарапшылары. 


Қазақстан кәсіпорындары іскерлік белсенділіктің қалыпты деңгейіне келу аясында өз қызметкерлеріне назарын арттырып отыр. Биыл экономиканың 45 саласында (48 пайыз) еңбекақының өсімі байқалды. Былтыр бұл көрсеткіш 33 салада болған (35 пайыз), - деп хабарлайды Energyprom.kz сарапшылары. 

Бірінші тоқсандағы еңбекақының өсу индексі (2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда) 0,4 пайыздан (баспанадан бөлек әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етілген) 39,7 пайызға (компьютер, тұрмыстық тауарларды жөндеу).

Сонымен қатар, ғылыми және технологиялық қызмет саласында еңбекақының қысқартылуы 72,2 пайызға жетті.

ҚР экономикасындағы еңбекақы өсімінің ең жоғары көрсеткіші (100,8 мың теңге немесе 30 пайыз) жұмыспен қамтамасыз ету саласында болды - 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда. Бұл секторда инфляцияны есепке ала отырып, шынайы өсім 20,2 пайыз болды. 

Еңбекақы өсімі байқалған салалар үштігіне құбыр тасушы кәсіпорындар да кірді. Биыл мұндай кәсіпорындар жұмысшыларына 95,4 мың теңге (29 пайызға) артық төлейтін болды. 

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында еңбекақы көлемін өсірген салалар ондығының жартысы көлік саласы болған. 

Ал ең жоғары еңбекақыны биыл теңіз және жағалаудағы жүк тасымалдау саласында істейтін жұмысшыларда (661,2 мың теңге, бір жылда 6 пайызға немесе 43 мың теңгеге кемігеніне қарамастан); су көлігі саласы қызметкерлерінде (569,5 мың теңге, бір жылда 7 пайызға қысқарған); басқарушы компания қызметкерлерінде (454 мың теңге, бір жылда 20 пайызға немесе 115,9 мың теңгеге қысқарған).

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети