15 ақпан 2023 16:30

Доллар бағамы 7 айдағы ең төменгі деңгейге түсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2022 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.


Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 2022 жылдың маусымынан бергі ең төменгі деңгейге түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 3,48 теңгеге төмендеп, 447,29 теңге болды. Доллардың бағамы 2022 жылдың маусымында ғана төмен болған.

Айта кетейік, доллардың 15 ақпандағы ресми бағамы - 451,17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 447,13 теңге, сату – 451,32 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 447,48 теңгеден сатып алынып, 450,58 теңгеден сатылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети