22 қыркүйек 2015 11:20

Доллар бағамы екі күннен бері өзгеріссіз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

2015 жылдың 22 қыркүйегінде KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 269,95 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, доллар бағамы соңғы бір тәулікте айтарлықтай өзгерген жоқ. 21 қыркүйекте таңғы сессияда доллар бағамы 270,46 теңге болған еді. Ал кешкі сауда 270,85 теңгемен жабылды.

Еске сала кетейік, 21 қыркүйекте Ұлттық банк бағамды қалпында ұстап тұру үшін 213,1 миллион доллар қаражат бөлген еді. Осылайша жалпы бөлінген сома 694,7 миллион доллар болды.

22 қыркүйекте таңғы сессияда алғашқы келісім 270 теңгемен басталды. Бұл максималды баға болды. Ең төменгі баға - 269,9 теңге. Сауда көлемі 45,3 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 17 мүшесі қатысты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети