18 қаңтар 2016 15:48

Доллар бір күнде 17 теңгеге қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар бағамы 376,88 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдыңғы сауда 372,58 теңге нәтижесімен аяқталған еді.


KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар бағамы 376,88 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдыңғы сауда 372,58 теңге нәтижесімен аяқталған еді.

Күндізгі сессияда алғашқы келісім 374,5 теңгемен басталды. Ең төменгі баға да осы болды. Жоғарғы баға 378 теңгеге дейін жетті. Сессияда сауда көлемі 54,6 миллион доллардан асты.

Еске сала кетейік, Ираннан санкциялар алынғаннан кейін 18 қаңтардың сауда сессиясының басында Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 28 доллардан түскен болатын. Осыдан кейін шетел валютасы да қымбаттай бастады. Бұл марканың баррелі Лондондағы биржа саудасында 27,72 деңгейінде саудаланды. Бұл - жұмадағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 долларға төмен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети