Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жанар-жағармай бағамы бұғаулағанға неге көнбей тұр?

22 Тамыз 2014, 10:41
0
©dknews.kz фото
©dknews.kz фото

 Кешелі бері елімізде жанар-жағармайдың бағасы қымбаттады. Бұдан былай дизель отыны - 1 литр үшін 115 теңгені, Аи-80 - 1 литр үшін 89 теңгені, Аи-92/93 - 1 литр үшін 128 теңгені құрайтын болды.

Бұған қатысты кеше ғана «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары Ерлан Қожабаев «қазіргі таңда бензин бағасының көтерілуі тиістігін дәлелдейтін екі фактор бар. Біріншісі, елімізде жүргізілген ұлттық теңге бағамының өзгеруі. Екіншісі, дәл осы мұнай өніміне маусымдық баға өсімінің орын алуы. Яғни, біздің сарапшылық пікірімізше, бензин бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы тиіс. Бұл әділ баға болар еді» деген еді.

Ерболат Қожабаевтың сөзіне қарағанда, еліміздегі бензин бағасының қымбаттауын мемлекет реттейді.

«Үкіметтің шекті бағаны реттейтін қаулысы бар. Соған сәйкес мемлекеттік органдардың бағаны көтеруге, түсіруге құқығы бар» дейді ол.

Сөйтіп, оның сөзіне қарағанда, АИ-92 бензинінің 30 пайызын Қазақстан Ресейден алып отыр. Ал көрші елде бұл бензиннің бағасы біршама көтеріліп отыр. Өйткені, Анжерск қаласындағы мұнай өңдеу зауытында апат орын алып, өндіріс ошағы өз қызметін жыл соңына дейін тоқтатқан. «Алаш айнасы» осыған байланысты мәселенің түп-төркініне үңіліп көрмек болды.

Ресейдің Мұнай-газ өндірушілерінің президенті Генадий Шмаль ресейлік нарықта жанар-жағармайды барынша үнемдеп пайдалану қажеттігін, ол үшін жанармай тұтынуға белгілі әлеуметтік нормалар енгізу керектігін, осы арқылы тұтынушыларды жанар-жағармаймен толыққанды және қолжетімді межеде қамтудың жөн екенін биыл қаңтарда жыл басталғаннан-ақ айта бастаған. Осы мәлемдемесі арқылы Шмаль Ресей жанар-жағармайының көктем шыға 10 пайызға қымбаттайтынын да жасырмады. Бұл жөнінде ол: «Ішкі нарықта жанар-жағармай тапшылығы орын алды. Сондықтан бізге дереу арада әлеуметтік норма енгізу керек. Мысалы, Иран елінде мұндай әлеуметтік норма бар. Ол елде әрбір көлігі бар тұтынушы ай сайын 200 литрден артық жанармай тұтынбайды. Сол тәрізді бізге де ай сайын 50 шақырым жүретін Жигули көлігіне 150 литр жанармай беру тәрізді шектеулер енгізу қажет. Сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арнап талондар шығару керек» деді. Осылайша Ресей өз тұтынушыларына әлеуметтік норма енгізіп, жанармай тұтынуды шектеді. Бұл ақпан айында орын алған жайт. Осы кездің өзінде біздің отандық сарапшыларымыз көп ұзамай Қазақстанда да жанармайдың бағасы өсім беретінін алға тартты. Өз кезегінде біз мұны «Алаш айнасында» тарқатып жазған да болатынбыз.

Еліміздің жанар-жағармай нарығындағы 40 пайыздық тапшылықты Ресей арқылы толықтырып отырғанымызды ескерсек, көрші елдің жанармайға қатысты жоғарыда аталған қадамдарға баруы бізге әсер етері даусыз еді. Бірақ біздің атқарушы билік осы уақытқа дейін «елде тапшылық болмайды, жанармай қымбаттамайды, барлығы бақылауда» деп келді. Ал енді қалай десек те халық ең көп тұтынатын жанармай АИ-92 10-15 пайызға қымбаттайтын болды. Жанармайдың бағасы қымбаттады дегенше барлық азық-түлік, тұтыну қызметі қымбаттары тағы анық. Тығырықтан шығар жол қайсы? Мұндайда халыққа қайтпек керек?

Негізінен мамандардың байыптауынша, біз нарықтағы өнім тапшылығының 30 пайызын емес, 40 пайызын Ресей арқылы толықтырып отырмыз.

Ресейден жылына елдегі ең ірі деген Павлодар мұнай өңдеу зауытына 6 млн тонна мұнай, 1,5 млн тонна мұнай өнімдері тасымалданады. Бұл жоғарыда сөз еткеніміздей ішкі нарықтағы тапшылықтың 40 пайыздан астамын қамтып отыр. Осы уақытқа дейін Ресей өнімдері елге бұлайша молынан енсе де, отандық нарықтағы жанармай бағасы жыл сайын өсім беріп келді. Ал енді Ресейдің мұнай өңдеу компаниялары тыңырыққа тіреліп, олар өз тұтынушыларын өніммен қамтуды шектеп жатқан тұста бізді жарылқай қояр ма екен?

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай