25 маусым 2015 15:33

Жеңілдетілген автонесие: Отандық автокөлік саудасы 123 пайызға артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kolesa.kz © kolesa.kz

Жеңілдетілген автонесиенің арқасында отандық автокөлік саудасы 123 пайызға артты, - деп хабарлайды "Колеса".


Жеңілдетілген автонесиенің арқасында отандық автокөлік саудасы 123 пайызға артты, - деп хабарлайды "Колеса".

Порталдың мәліметінше, несиелеу басталған бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандық көлік сатып алды. Ал несиелеу бойынша көлікке ие болғандардың саны бір айдың ішінде 1 020-ға жетті.

"Сәуір айымен салыстырғанда сатылым көлемі 123 пайызға артты. Made in Kazakhstan тақтайшалары қойылған автокөліктердің мамыр айында 2 611 бірлігі сатылды. Ал сәуір айындағы көрсеткіш 1 168 болған еді", - делінген порталдың жарияланымында.

Айта кетейік, халық арасында ең көп сұранысқа ие болған модельдердің арасында седан Hyundai Elantra көшбастап тұр. Одан кейінгі орынға классикалық "Нива", Skoda Rapid пен Kia және өзге де модельдердің кроссоверлері жайғасты.

Еске сала кетейік, жеңілдетілген автонесие 2015 жылдың 20 сәуірінен бастап беріле бастады. Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бағасы 5,6 миллион теңгеге дейінгі қазақстандық автомобильдерге арналған. Жеңілдетілген автонесие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 4 пайызға тең, тиімді жылдық мөлшерлеме - 7,5 пайыз. Алдын ала төлем сомасы - 20 пайызға дейін. Несие мерзімі - 5 жылға дейін. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети