26 шілде 2021 11:40

Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 5 пайызға қымбаттады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz басылымына сілтеме жасап.


Қазақстанда дәрі-дәрмек бір жылда 5 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz басылымына сілтеме жасап.

Дәрі-дәрмек 2021 жылғы маусымда былтырғымен салыстырғанда 4,8 пайызға қымбаттаған. Баға Маңғыстау облысында едәуір өскен - бірден 18,6 пайызға, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда (10,9 пайыз) және Ақмола облысында (10 пайыз) өсім байқалады.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 99,3 миллиард теңгеге дәрі-дәрмек өндірілген. Өндірістің нақты өсімі бір жыл ішінде 31,2 пайызға жеткен.

Ең көп дәрі Қарағанды облысында өндірілді. Өндіріс 40,5 миллиард теңге болған. Былтыр бұл көрсеткіш 9,8 миллиард болған еді. Бұл ішінара "Спутник V" вакцинасының өндірісіне байланысты. Дәрі-дәрмек шығару бойынша ең үлкен үлес Шымкент, Алматы облысы және Алматыға тиесілі.

Дәрі-дәрмек өндірісі бірінші жартыжылдықта 61,1 пайызға артып, 88,7 миллиардқа жетті.

Басқа елдерден Қазақстанға жыл басынан мамырға дейін 9,7 мың тонна дәрі-дәрмек импортталды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 22,3 пайызға аз. Ақша түрінде импорт 431,9 миллион долларға тең болды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда дәрі-дәрмек айтарлықтай қымбаттауы мүмкін, себебі билік баға реттелетін дәрі-дәрмек тізімін қысқартуға ниетті екені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети