Қазақстанда темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітілді

31 Наурыз 2017, 12:00
0
Қазақстанда темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітілді - © РИА Новости
© РИА Новости

Қазақстанда фильтрсіз темекінің ең төмен бағасы 300 теңге болып бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 128 қаулысында айтылады.

"Фильтрлі және фильтрсіз 20 (жиырма) темекінің ең төмен бөлшек бағасы 300 теңге мөлшерінде бекітілсін", - делінген құжатта.

Осыған дейін "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" № 260 қаулысына өзгерістердің енгізілгені жайлы хабарланған болатын. "Үкіметтің 2007 жылдың 4 сәуіріндегі "Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы" № 260 қаулысына келесі өзгерістер енгізуді қаулы етеді: 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін - екі жүз жетпіс теңге мөлшерінде, ал 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - үш жүз теңге (300) мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін", - делінген еді құжатты мәтінінде.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең арзан темекі 200 теңге еді, ал сол жылдың күзінде 220 теңгеге көтеріліп, кейін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің ең арзанына 240 теңге мөлшері белгіленген еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай