20 тамыз 2018 09:54

Қазақстанға Оңтүстік Корея мен Қырғызстаннан көп ақша аударылатын болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Жарты жылда Қазақстанға ақшалай аударымдар жүйесі арқылы 150 миллиард теңгеге жуық ақша аударылған. Оңтүстік Кореядан аударылған ақшаның көлемі 2,3 есеге, ал Қырғызстаннан аударылған ақша 77 пайызға көбейген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ranking.kz сарапшыларына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанға шетелдіктерден келген ақшалай аударымдар 147,5 миллиард теңгеге жеткен. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 10,5 пайызға көп екен. 

"Ақшалар көбіне Ресейден аударылған - 71,2 миллиард теңге. Екінші орында Корея Республикасы тұр, Кореядан 22,9 миллиард теңге аударылған. Оңтүстік Кореяның үлесі 7,4 пайыздан 15,5 пайызға көбейген. Ал үшінші орында Қырғызстан тұр. Қырғызстаннан 13,3 миллиард теңге аударылған, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 77,4 пайызға өскен", - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети