16 наурыз 2020 09:18

Коронавирусқа байланысты Қазақстанда нан өнімдерін қапталған күйі сату ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірнеше ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін бірнеше ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлік ірі сауда нысандарының сағат 10:00 мен 18:00 аралығына дейін санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып қысқартуды ұсынды. 

Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай жариялады 

Сауда нысандарының аймағында кинотеатр, балалар орталығы мен басқа да көңіл көтеру алаңдары жабылуы керек. Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сауда базарлары күнделікті режим бойынша санитарлық және дезинфекциялық шаралар сақталып, жұмысын жалғастыруы керек. 

Сонымен қатар, дүкендерде нан және кондитерлік өнімдер жабық, яғни, қапталған күйінде сатылуы керек.  

Ерлан Қарин Қазақстанда не үшін төтенше жағдай жарияланғанын түсіндірді

Еске салайық, кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада төтенше жағдай жариялау туралы қаулыға қол қойды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети