Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қытай Қазақстанда жылу электр орталығын салуға мүдделі

11 Сәуір 2014, 16:02
0
©REUTERS
©REUTERS

Қытай Қазақстанда жылу электр орталығын салуға мүдделі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Боао-2014 азиялық форумы шеңберінде "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев "Датан" корпорациясы мен Қытай машина жабдықтары жөніндегі инженерлік корпорациясының (СМЕС) жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында Торғай жылу электр орталығы құрылысы бойынша мәселелер талқыланды. Қытай компаниялары Қостанай облысында қуаты 2000 мегаватт болатын Торғай ЖЭО құрылысын салуға қызығушылық танытты", - делінген хабарламада.

Торғай жылу электр орталығы - Қостанай облысындағы озық технологиялар мен жаңа әдістер қолданылғалы отырған тіректі жоба. "Тау-кен Самұрық" тау-кен компаниясының жетекшісі Мәжит Тұрмағамбетов жоба шеңберінде Торғай бассейнін игеру жоспарланып отырғанын айтты, онда Құсмұрын көмірі мен жылу электр станциялары базасында ашық кеніш құрылысы салынады деп топшыланған. Кешеннің өндірістік қуаты - жылына 10 млн тонна көмір. Жобаның құны шамамен 4 млрд долларға жуықтайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Самұрық-Қазынаның" мәліметінше, Торғай көмір бассейні - Қазақстандағы ірі кен орындарының бірі, мұнда көмірдің геологиялық ресурсы 50 млрд тоннадан асады.

Ал Қытайдың China Datang ("Датан") корпорациясы - бұл елдегі электр қуатын өндіретін бес ірі компанияның бірі. Компания активтерінің жалпы құны - 191,5 млрд юань. Корпорация көмір өндірумен, тасымалдаумен, қамтамасыз етумен, сатумен және көмір кен орындарында барлау жүргізумен айналысады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай