23 мамыр 2014 21:37

Малайзия Қазақстанға миллиардтаған доллар инвестиция құяды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews иллюстрациясы ©Тengrinews иллюстрациясы

Малайзия Қазақстанға миллиард доллардан астам инвестияция құяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Малайзия Қазақстанға миллиард доллардан астам инвестияция құяды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екі ел ынтымақтастыққа қатысты үш келісімшартқа қол қойды. Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разактың айтуынша, Малайзия компанияларының Қазақстанға салған инвестициясының көлемі 1,1 миллиард долларды құрайды.

"Бұл инвестициялар сұйық газ және метанол шығаратын зауыттардың құрылысына салынады. Бұл келісімшарт екі елдің арасындағы экономикалық байланысты нығайта түседі" - деді Малайзия премьер-министрі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде.

Сондай-ақ Наджиб Разак Нұрсұлтан Назарбаевтың геосаяси жағдайларға түсіністікпен қарай алатынын сөз ете келе, Қазақстан мен Малайзия халықаралық саяси жағдайларға біржақты көзқараста екенін баса айтты.

"Біз "Petronas" компаниясына яғни Қазақстанның мұнайы мен газына инвестиция салу жағын да қозғадық. Мен бұл ресми сапардың маңыздылығына сенімдімін" - деді Разак.

Бұған қоса Наджиб Тун Разак Нұрсұлтан Назарбаевпен Қазақстан Малайзия әуе қатынастарын жетілдіру жөнінде және Малазия жоғары оқу орындарында оқитын  қазақстандық жастардың көлемін ұлғайту турасында да сөз қозғалғанын атап айтты.

Малайзия Үкімет басшысы Елбасының "екі ел арасындағы 130 миллион доллар тауар айналымы көлемінің жеткіліксіз" деген пікірімен келісетінін, екі ел арасындағы тауар айналымын әлі де жетілдіруге оң көзқараста екенін де айта кетті.

"Мен бұған қоса Нұрсұлтан Назарбаевқа  жоғалған ұшақты іздеуде демеу білдіргеніне алғыс білдіремін" - деді Малайзия үкіметінің басшысы.

Еске салайық, Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағыт алған, бортында 227 жолаушысы, 12 экипаж мүшесі бар әуе лайнері биылғы жылы 8 наурызда ешқандай белгі берместен радардан жоғалып кеткен. 24 науырыз күні Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак  "із-түссіз жоғалып кеткен Malaysia Airlines ұшағы Үнді мұхитының оңтүстік аймағына құлады" деп мәлімдеме жасаған болатын. Бірақ осы уақытқа дейін іздестіру тобы ұшақты таба алмады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети