08 наурыз 2014 10:27

Малайзияның жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет blog.malaysia-asia.my сайтынан алынды Сурет blog.malaysia-asia.my сайтынан алынды

"Malaysia Airlines" әуекомпаниясының Куала-Лумпурдан Пекин бағытына қатынайтын, жолаушылар тасымалдайтын "Боинг 777-200" ұшағы сенбі күні, жергілікті уақыт бойынша ертеңгісін бақылау радарымен байланыссыз қалған, - деп хабарлайды Agence France-Presse Ұшақ бортында 239 азамат болған. Оның 227-сі жолаушы, олардың арасында 2 бала бар. Экипаж мүшелерінің саны - 12. Сондай-ақ, ұшаққа 13 мемлекеттің азаматтары мінген екен. Олардың басым бөлігі - қытай азаматтары. Ұшақпен байланыс сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 02.40-та үзілген (сенбі, Астана уақыты бойынша 00.40). Лайнер қытай астанасына Астана уақыты бойынша 4.30-да қонуы тиіс болатын. Қазіргі уақытта мамандар әуе кемесінің қайда екенін анықтауда. "Синьхуа" агенттігі қытайдың авиациялық билігіне сілтеме жасап, малайзиялық ұшақтың Қытай әуекеңістігіне өтпегенін, аталмыш "Боингтің" Вьетнам аумағында жоғалып кеткенін айтады. "Malaysia Airlines" компаниясының ең үлкен әуе апаты 1977 жылы Малайзияның оңтүстігінде орын алған. Сол кезде 93 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі көз жұмған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети