Мұнай бағасы көтерілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Kmg.kz ©Kmg.kz

Мұнай бағасы сәл көтерілді, ол 13 қаңтар күні ең төменгі рекордтық бағада, Brent маркасының әр баррелі 45,5 доллардан, ал WTI 44,5 доллардан сатылған болатын. Бағадағы өзгеріс туралы Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club компаниясының аналитигі Алена Афанасьева хабарлады. Айта кетейік, 14 қаңтар күнгі соңғы сатылымдар бойынша, қазір Brent маркалы мұнайдың әр баррелі 46,67 долларға бағаланған, бірақ нарық қатысушылары бұл өзгерісті тым аз санап отыр, дегенмен оң қадам деуге болады. Алайда аналитиктің айтуынша, бұл "тықыр таяну" дегенді білдірмейді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мұнай бағасы сәл көтерілді, ол 13 қаңтар күні ең төменгі рекордтық бағада, Brent маркасының әр баррелі 45,5 доллардан, ал WTI 44,5 доллардан сатылған болатын. Бағадағы өзгеріс туралы Tengrinews.kz тілшісіне Forex Club компаниясының аналитигі Алена Афанасьева хабарлады. Айта кетейік, 14 қаңтар күнгі соңғы сатылымдар бойынша, қазір Brent маркалы мұнайдың әр баррелі 46,67 долларға бағаланған, бірақ нарық қатысушылары бұл өзгерісті тым аз санап отыр, дегенмен оң қадам деуге болады. Алайда аналитиктің айтуынша, бұл "тықыр таяну" дегенді білдірмейді.

Сонымен қатар, аналитиктің сөзіне қарағанда доллар - рубль бағамдары мұнай бағасының төмен құлдырауы тоқтағаннан кейін тұрақтала бастады. "Бағамдардың тұрақталуынан мұнай бағасынан басқа да әртүрлі бағыттағы әрекеттер әсер етті. Рубль бағамына Украинамен арадағы қарым - қатынасқа көрсетіліп жатқан қысым мен норманд форматындағы жүзеге аспай қалған келіссөздер, сонымен қатар Донецк әуежайындағы шабуыл да әсер етпей қоймайды, себебі санкцияны мерзімінен бұрын алып тастау мүмкіндігінің тууына кедергі болады. Мұнымен бір мезгілде Ресей билігі ауызша интервенцияны күшейтіп отыр, кеше Ресей экономикалық даму министрлігінің басшысы Алексей Улюкаев мұнай бағасы мен рубль бағамы жақын арада тұрақталатынын мәлім етті. Бұл алыпсатарларды аздап тыныштандырды, алайда қаншалықты мерзімге созылары белгісіз, әсіресе S & P агенттігінің рейтингі бойынша Ресейдің төмен түсіп бара жатқанына қарап, нақты айту қиын", - дейді Афанасьева.

Forex Club мамандарының айтуынша, шикізат нарығының құлдырауына әлемдік сұраныстың төмендеуі себеп, бұл әлемдік экономикада іскерлік белсенділікті тежеп отыр. "Бұған тағы АҚШ-тағы мұнай өндірісінің күрт өсуі мен мұнай экспорттаушы елдер ұйым (ОПЕК) өкілдерінің ауызша интервенциясын қосайық. Яғни бұл жағдайдың ешқайсысы соңғы айларда өзгерген жоқ және жақын арада өзгермейді де, демек Brent маркалы мұнайдың  баррель бағасы әлі де 46 доллардан төмен түсуі мүмкін", - деді мамандар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro