Обама Еуропаны Ресейге қарсы санкция жариялауға мәжбүрледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фотоколлаж interpolit.ru Фотоколлаж interpolit.ru

АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден Украинадағы жағдайларға байланысты Еуропа елдері Ресейге санкция жариялағысы келмегенін, алайда олар Вашингтонның қысымының арқасында бұл шараларды жасағанын мойындады. Бұл туралы Байден Гарвард университетінде сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды RT телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың вице-президенті Джозеф Байден Украинадағы жағдайларға байланысты Еуропа елдері Ресейге санкция жариялағысы келмегенін, алайда олар Вашингтонның қысымының арқасында бұл шараларды жасағанын мойындады. Бұл туралы Байден Гарвард университетінде сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды RT телеарнасы.

АҚШ-тың вице-президентінің айтуына қарағанда, Еуропа елдерінің басшыларымен келіссөз барысында Барак Обама Еуропа елдері экономикалық тәуекелге баратынын біле тұра, санкция жариялауды талап еткен. "Кейде Обама Путинді жазалау үшін қажетті шараларды жасап,  Еуропа елдерін ыңғайсыз жағдайға қалдыруға тура келген", - дейді ол.

Байден АҚШ-тың Ресей экономикасын құлдырату үшін қолдарынан келгенше талпынып жатқанын растады. "Ресейді шынайы бағасын өтеуге мәжбүрлеу үшін жасалған санкциялар, экономикасы дамыған елдердің бірігуіне мүмкіндік берді", - дейді вице-президент. 

Саясаткер еуропалықтар Мәскеуге өз ықпалын жасау үшін көп шығынданып жатқанын да айтып өтті. Оның айтуына қарағанда, санкциядан ешкім бас тартпайды.

Айта кетейік, бұған дейін Обама  "Украинадағы Ресей қысымына қарсы әлемді АҚШ біріктіргенін" айтқан еді. 

2 қазан күні Ресей президенті Владимир Путин өз кәсіптерін шектеу үшін батыс елдерінің жасап жатқан санкциясын "ақымақтық әрекет" деп айтты. Ресей президентінің ойынша, "бұл шектеу ДСҰ-ның негізгі қағидаларын бұзып, әлемдік экономикаға, нарықтық экономикаға, бәсекелестікке кері әсерін тигізіп, халықаралық қаржы институттарының сенімі мен доллар мен еуроның қосалқы валютасына деген сенімді жоғалтады". 

Еске салайық, АҚШ пен Еуропалық одақ Қырымның Ресейге қосылғанын мойындамай, Мәскеуді Украинаның жұмысына араласты деп айтыптап отыр. 2014 жылдың наурыз айынан бастап батыс елдері Ресей саясаткерлеріне, кәсіпкерлеріне және компанияларына бірнеше мәрте санкция жариялап, бұдан да ауыр шара қолданамыз деп қорқытты. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer