Қауын-қарбызды мамандар тамызға дейін алмауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қауын-қарбызды мамандар тамызға дейін алмауға кеңес берді ©Supersadovnik.net

Қазақстанның СЭС мамандары көше бойында немесе базарда сатылып жатқан қауын-қарбыздарды тамыз айына дейін сатып алмау керек екенін айтып, дабыл қағып жатыр, - деп хабарлайды "31 арна".


Қазақстанның СЭС мамандары көше бойында немесе базарда сатылып жатқан қауын-қарбыздарды тамыз айына дейін сатып алмау керек екенін айтып, дабыл қағып жатыр, - деп хабарлайды "31 арна".

Мамандар бірнеше аймақтарда арнайы тексерістен өткізілген жеміс-жидектерде нитраттардың мөлшерден тыс құрамының анықталғанын ескертіп отыр. Олардың айтуынша, әсіресе еліміздің  оңтүстік өңірінен жеткізілетін тауар жолда екі-үш күн бөгеліп, сатылымға тіпті бір аптадан кейін қойылады екен.

Сонымен қатар, телеарна тілшілерінің мәліметінше, биыл бақша өнімдері Қарағандыға ерте әкеліне бастады. Шала піскен жеміс-жидектерді кәсіпкерлер базарларды қойып, жол жиегінде сатуға көшкен. Саудаға қойылатын қарбыз-қауынға тексеріс жүргізетін мамандар олардың санитарлық талаптарға сай келмейтінін айтады. Сөздерінше, бау-бақша өнімдерін сатуға арналған орын қоршалып, күн сәулесінен, жауын-шашыннан қорғалуы тиіс.

Қарағанды облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы Ботагөз Әбілдаеваның айтуынша, маусымның басталғанына қарамастан қауын-қарбыздан тамыз айына дейін сақтана тұру керек. "Әсіресе, жолдың шетіндегі сауда орындарынан сатып алу өте қауіпті. Қарбыздар биіктігі кем дегенде 20 сантиметр арнайы сөрелерде сақталуы қажет", - деді ол. 

"Қарбыздармен қатар, картоп, алмұрт, қызылша мен қияр секілді көкөністердің де дәрі-дәрмекпен пісірілгендігі байқалды. Бүгінде нитраттардың бар-жоғына бау-бақша өнімдерінің 90 сынамасы алынған", - деп хабарлады тілшілер.

СЭС мамандары "жылдам" деген сұрыптардың өзі тек шілде немесе тамыз айына қарай пісетінін айтады. Оның өзі, оңтүстіктен екі-үш күн ішінде жеткізілетіндіктен, бүлініп қалатынын айтады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +23
Ақтау +25
Ақтөбе +17
Атырау +25
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +24
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +20
П
Павлодар +21
Петропавл +19
С
Семей +25
Т
Талдықорған +22
Тараз +24
Түркістан +18
О
Орал +21
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +25

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер