19 қыркүйек 2014 10:13

Ресей болашақта қазақтың тері-терсегін көптеп ала бастауы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса Елеубеков (фото) Нұрғиса Елеубеков (фото)

Кешелі бері Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев «болашақта Ресейдің Еуропаның санкцияларына қарымта жауап ретінде Батыстың киім-кешегінен түбегейлі бас тартуы ғажап емес» деді. Сол-ақ екен, Ресей экономист-сарапшылары «егер Еуропаның киім-кешегінен бас тартатын болсақ, бізге Еуропадан жеңіл өнеркәсіпке қатысты шикізат алу қиындайды. Қазірдің өзінде жеңіл өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарында шикізат тапшылығы туындап, олар тығырыққа тірелді. Бұл жағдайды одан әрі ушықтырады» деп даурықты. «Алаш айнасы» осы тұста мәселені талдауды жөн көрді.

Негізінен, отандық мамандар жеңіл өнеркәсібіне қажетті шикізатты, мақта-матаны, сапалы жібекті, жіпті Еуропадан алып отырған Ресей өндірісшілерінің келешекте Қазақстаннан көмек сұрауы әбден мүмкін екенін алға тартады. Деректерге жүгінсек, Ресей жеңіл өнеркәсіпке қажетті мақта-матаның 100 пайызын, тері-жүннің 85 пайызын, жібек жіптің 45 пайызын Еуропадан тасымалдап отыр. Мамандар бұл көрсеткіштерге қарап «болашақта Еуропа сөз жоқ оларды шикізаттан тарықтырады. Мұның арты Ресейдің тоқыма-тігін фабрикаларын қиындыққа тірейді» дейді.

Жұмаділда Баяхметов, экономист-ғалым:

– Ресей нарығына қазір киім-кешек атаулының басым бөлігі Қытайдан, Түркиядан еніп жатыр. Ресей осыны есептеп барып Еуропаның киім-кешегінен бас тартуға болатынын пайымдады. Егер Ресей Еуропаның киім-кешегінен бас тартса, оның орнын Қытай мен Түркия арқылы толықтыра алатынына нық сенімді. Бірақ бұл жерде көрші ел тоқыма-тігін саласындағы өндірісшілерін шикізатпен қамту мәселесін шешіп алмаса жағдай қиындайды. Себебі Ресейдің өнім өндірушілері 90 пайыздан астам шикізатты Еуропадан алады. Болашақта олардың өндірісшілері шикізаттан тарыға бастайды. Мұндай сәтте әрине Ресейге одақтас, көршілес ел ретінде біздің көмекке келуімізге тура келеді. Егер бұл жағдайды ұтымды пайдалана алсақ, елдегі тері-терсек атаулығы Ресей тарапынан сұраныс артып, өнімдеріміздің өтімді бола түсуі де ғажап емес.

Сөйтіп, мамандар алға тартып отырған есеп-қисаптарға сүйенсек, бізде жыл сайын шамамен 20 мың тонна жүн, 7 миллион данадай тері шикізаттары жиналады екен. Ең өкініштісі, осыншама өнімді ұқсата алмай отырғанымыз. Егер Ресей тарапынан сұраныс артатын болса, ауыл-аймақтарда тау-тау болып үйіліп, шіріп жатқан тері-терсек атаулыны молынан саудалауға, сол арқылы пайда табуға мүмкіндік ашылмақ. Біздің бұл ойымызды сарапшылар жоққа шығармайды. Бұған қатысты мамандар «дұрыс, сауатты ұйымдастыра алса бұл іс арқылы пайда табуға болады» дейді. Бір ескеретіні, біздегі шикізаттың тым арзанға кетіп қалмауына үкіметтік тұрғыда тиімді шаралар қарастырылуы тиіс.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети