31 желтоқсан 2016 10:07

Сарапшы 2017 жылы Қазақстан экономикасы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© thinktanks.by © thinktanks.by

Экономист, қаржылық топ басқармасының мүшесі Мұрат Темірханов 2017 жылы Қазақстан экономикасы қандай болатынын айтты. "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында ол отандық экономиканың дамуына дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасының өсуі, мемлекеттік сектордың қолдауы, инвестиция мен іскерлік белсенділік ықпал ететінін атап өтті.


Экономист, қаржылық топ басқармасының мүшесі Мұрат Темірханов 2017 жылы Қазақстан экономикасы қандай болатынын айтты. "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында ол отандық экономиканың дамуына дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасының өсуі, мемлекеттік сектордың қолдауы, инвестиция мен іскерлік белсенділік ықпал ететінін атап өтті.

"Біріншіден, Қашаған іске қосылды. Қазір онда тәулігіне 75 мың баррел деңгейінде мұнай өндірілуде. Келесі жылдың соңына қарай 370 мың баррелге жеткізу көзделіп отыр. Биылғы жылмен салыстыра қарайтын болсақ, келесі жылы мұнай өндіру ұлғая түсетіні сөзсіз. ОПЕК-тің арқасында мұнай бағасы көтерілгенін атап өткен жөн. Мұнайдың 1 баррелі ұзақ уақыт 50 доллардан төмен бағаны ұстап тұрды. Өзара келісімнен соң, баға көтеріле бастады", - дейді экономист, қаржылық топ басқармасының мүшесі Мұрат Темірханов.

Келер жылы шағын және орта бизнеспен айналысатын қазақстандықтардың саны артады деген болжам бар. Мысалы, биыл жаңа компаниялардың саны 20 пайызға өсіп отыр. "Мемлекеттік ірі жобалардың арқасында бұл үрдіс 2017 жылы сақталады", - дейді сарапшы. 

"Біз Ұлттық қордан алып, ақшаны ЭКСПО-ға салған кезде  ішкі жалпы өнімнің өсуін автоматты түрде көтеріп жібереді. Өйткені бұл құрылыста айналымға түседі. Осыған сәйкес біреу жалақы алып жатады. Тұтыну өсе түседі. Осы тұрғыдан алғанда ол өсім беріп отыр. Өйткені жолдардың, электрлендірудің инфрақұрылымын қаржыландырған кезде бұл жұмыс  өнімділігіне көмектесіп, бизнестің тиімділігін арттырады. Біз жай ғана тұрғын үй салған кезде бір реттік тиімділікті көреміз", - дейді Экономист, қаржылық топ басқармасының мүшесі Мұрат Темірханов.

Тұрғын үй құрылысы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру да ел экономикасына оң ықпал етеді. 2016 жылдың желтоқсанын еске түсірер болсақ, Үкіметте нарыққа жан бітіріп, жеке құрылыс ұйымдарын ынталандыруға, тұрғын үй құрылысын тікелей қаржыландыруға баса мән берген "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының таныстырылымы өтті.

"Тиімділік экономикаға, өсімге, жұмыспен қамтуға бағытталып отыр. Мемлекет басшысының осылайша қорытындыға келуі - құптарлық іс. Бұрын мемлекеттің өзі тұрғын үй салуға күш салса, қазір анағұрлым нарықтық тұрғыда  бағдарланған тәсіл басымдық танытып отыр. Ресейде жасалып жатқандай ипотекаға қаржылай жәрдем беру жүзеге асса, халық тарапынан сұраныс болады. Қалауын білдіргендерге ипотеканы арзандатар болсақ, нарықтың өзі шаруаны ретке келтіреді",- дейді Мұрат Темірханов.

Сондай-ақ сарапшының айтуынша, халықтың ұлттық теңгеге деген сенімін жоғалтпау керек. Осылайша, 2016 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге салған халықтың ақшасы 2 трлн теңгеге жетіп, 9 пайыздық өсімді көрсетті. "2017 жылы да осы қарқын сақталатын болса, Ұлттық банктің еліміздегі экономикалық жағдайға ықпал ету мүмкіндігін жақсарта түседі", - дейді сарапшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети