06 мамыр 2019 12:10

Соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы инвестициялар тарту ұлғайды - ҰЭМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.

ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің ел экономикасына әсері, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жандандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Оның айтуынша, соңғы жылдары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы инвестициялар тарту ұлғайды. Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуіне 0,2 пайыз деңгейінде үлес қосты.

1 мамырдағы жағдай бойынша жобалардың жалпы саны 2,9 триллион теңге сомасына 1285 жоба іске асырылады. Оның ішінде 1,5 триллион теңге сомасына 548 шарт жасалды. Дайындық сатысында 1,4 триллион теңге сомасына 737 жоба тұр. Ең көп жобалар саны білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, мәдениет және спорт салаларына тиесілі.

Республикалық деңгейде 25 жоба бар, оның ішінде 9 келісімшарт жасалған, конкурс сатысында 2 жоба және жоспарлау сатысында - 14 жоба.

Жасалған келісімшарттар саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Алматы қаласы көш бастап тұр.

Руслан Дәленовтың айтуынша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жандандырып, рәсімдерді жеңілдету мақсатында заңнамалық түрде - бағдарламалық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жаңа құралы қарастырылған. Енді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік рәсімдерін салалық мемлекеттік бағдарламаларда қарастыруға болады.

Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларын салу жобалары іске асырылып жатыр.

Сонымен қатар ұлттық экономика министрі "Дайын жобалар фабрикасын" құру туралы айтып берді, онда әлеуетті инвесторлар үшін жоспарланған және жүзеге асырылатын жобалар бірыңғай форматта және бірыңғай базада орналастырылатын болады. Бұдан өзге, халықаралық сарапшылардың соңғы ұсынымдарын имплементациялау жүріп жатыр. Халықаралық сарапшылар қоғамдастығымен бірлесіп, валюталық тәуекелдерді төмендету, ірі жобалар үшін халықаралық төрелік ұсыну, консорциумдар үшін мүмкіндіктерді кеңейту, жекеменшік әріптестің шығындарын өтеу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі заңнамалық түзетулер пысықталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети