© Tengrinews.kz
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында 335,53 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында 335,53 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күндізгі сауданың бірінші келісімі 336,33 теңгемен өтті. Минималдық құны 334,75 теңге болды, ал максималдық құны - 336,48 теңге. Сауданың жалпы көлемі 273 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 334-337,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Brent маркалы мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 15.21-де барреліне 52,54 доллар болды.