Ұлттық банк 101 миллион долларға интервенция жүргізгенін хабарлады

10 Шілде 2017, 12:35
0
Ұлттық банк 101 миллион долларға интервенция жүргізгенін хабарлады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк биылғы 21 және 22 маусымда 101 миллион долларға интервенция жүргізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, теңге құбылмалылығының ішкі валюта нарығындағы үдеюін шектеу мақсатында Ұлттық банк 101 миллион АҚШ доллары мөлшерінде сатуды жүзеге асыра отырып, АҚШ долларына деген артық сұранысты қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған. Валюталық өктемдіктер шетел валютасына деген сұраныстың шарықтаған кезеңінде - 2017 жылғы 21 және 22 маусымда жүргізілді.

Сонымен қатар, 2017 жылғы маусымда мұнай бағасының төмендеуі және Ресей рублінің әлсіреу үрдісі байқалғаны, ал мұның ішкі валюта нарығына белгілі бір дәрежеде әсер еткені айтылады. "21 маусымда Brent маркалы мұнай бағасы нарықтың мұнай өнімдерімен жаһандық шектен тыс толуының сақталуына және  ОПЕК келіссөздерінің тиімділігіне байланысты қауіп-қатерлер аясында бір баррель үшін 45 АҚШ долларынан төмен деңгейге дейін арзандап, жылдың басынан бергі ең төменгі мәнге жетті. Ресей рублінің бағамы іргелі фактордың өзгеруіне тез арада ден қойды, содан кейін валюта 1 АҚШ доллары үшін 60 рубльге дейін әлсіреді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық Банк Қазақстанның ішкі валюта нарығы жоғары құбылмалылыққа ұшырауы мүмкін екендігін атап өткендіктен, Ұлттық Банк айырбастау бағамы бойынша іргелі үрдісті қалыптастыруға кедергі келтірмей, валюта бағамының тұрақсыздыққа әкелетін күрт өзгеруінің алдын алу мақсатында валюта нарығында өктемдіктер жүргізу құқығын сақтаған еді.

Банк өкілдерінің айтуынша, инфляциялық таргеттеу режимі жағдайында валюталық өктемдіктерді пайдалану экономикасы даму үстіндегі елдердің әлемдік практикасына сәйкес келеді.

Айта кетейік, бүгін ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында әлсіредіҰлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 326,31 теңгеге тең болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай