Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында әлсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 332,04 теңгеге тең болды. Еске салайық, 7 тамызда доллар бағамы 331,75 теңге болған.

Таңғы сауданың бірінші келісімі 331,8 теңгемен өтті және осы ең минималдық құны болды, ал максималдық құны - 332,17 теңге. Сауданың жалпы көлемі 33,95 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 332,1-332,8 аралығында.
Мұнай бағасы 8 тамызда Астана уақытымен 10.56-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,15 доллар болды.