Ұлттық валюта нығайып келеді

18 Наурыз, 11:37
0

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 375,49 теңгеге тең болды. Еске салайық, 15 наурызда доллар бағамы 378,92 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 376 теңгемен өтті. Максималдық құны 376,1 теңге болды, ал минималдық құны - 374,9 теңге. Сауданың жалпы көлемі 61,829 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 375,5-377 аралығында.

Астана уақытымен 11.07-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 66,98 доллар болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай