29 мамыр 2017 11:15

Ұлттық валюта нығайып, тағы рекорд жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 310,08 теңгеге тең болды. Еске салайық, 26 мамырда доллар бағамы 311,44 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 310,2 теңгемен өтті. Максималдық құны 310,3 теңге болды, ал минималдық құны - 310 теңге. Сауданың жалпы көлемі 54,8 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, валюта айырбастау пункттерінде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 310-311 аралығында.

Мұнай бағасы 29 мамырда Астана уақытымен 10.51-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,08 доллар болды.

Еске салайық, соңғы рет мұндай көрсеткіш 2015 жылы 10 қыркүйекте тіркелген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети