03 қаңтар 2019 12:03

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 381 теңгеге тең

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында долларына нығайды 381,64 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, 29 желтоқсанда доллар бағамы 384,68 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 382 теңгемен өтті және осы максималдық құны болды, ал минималдық құны - 381,3 теңге. Сауданың жалпы көлемі 30,5 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 380,5-382 аралығында.

29 желтоқсанда ұлттық валюта рекордтық (387 теңге) көрсеткішке дейін әлсіреді. 26 желтоқсанда ұлттық валюта әлсірей бастады, онда доллар бағамы - 374 теңге болды. 26 желтоқсанда ақша айырбастау пунктерінде доллар 378 теңгеге сатылып жатты. 28 желтоқсанда доллар 383 теңгеге сатылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети