Иран кемелерді Ормуз бұғазы арқылы 60 күн бойы тегін өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран кемелерді Ормуз бұғазы арқылы 60 күн бойы тегін өткізеді Иллюстрациялық сурет:depositphotos.com

Иран Ормуз бұғазы арқылы өткені үшін 60 күн бойы ақы талап етпейді. Дегенмен бұғаз арқылы өткісі келетін барлық кеме бұрынғысынша Иранның Парсы шығанағын бақылау басқармасына өтінім беруге міндетті. Елдің Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бұл хабарламасы Tasnim телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иран Ормуз бұғазы арқылы өткені үшін 60 күн бойы ақы талап етпейді. Дегенмен бұғаз арқылы өткісі келетін барлық кеме бұрынғысынша Иранның Парсы шығанағын бақылау басқармасына өтінім беруге міндетті. Елдің Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бұл хабарламасы Tasnim телеарнасының сюжетінде айтылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кеңес мәлімдемесінде бұл шешім Исламабад меморандумы аясында қабылданғаны айтылған.

"Өзара түсіністік туралы Исламабад меморандумына сәйкес, 60 күн ішінде өтініш берушілерден ешқандай ақы алынбайды, ал барлық байланысты шығындарды Ислам Республикасы Иран үкіметі өтейді", - делінген мәлімдемеде.

Кемелердің Иранның Парсы шығанағын бақылау басқармасына (PGSA) берген өтінімдері жедел түрде қаралатыны атап өтілді.

Кеңес "бұғаздан өту кезіндегі ерекше жағдайлар мен қауіп-қатерлердің болуына байланысты, сондай-ақ қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және теңіз оқиғаларының алдын алу үшін" кемелер өз бағыты мен өту уақытын хабарлауы қажет екенін мәлімдеді. "Бұл өткізу қабілетін біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді", - делінген мәлімдемеде.

Кеңес Иран АҚШ-пен жасалған меморандумға сәйкес Ормуз бұғазын миналардан тазарту бойынша барлық шараны қабылдайтынын қосып өтті.

"Басқа мәселелерге, соның ішінде минадан тазартуға келетін болсақ, қажетті шаралар Өзара түсіністік туралы Исламабад меморандумының 5-тармағына сәйкес қабылданады", - деп мәлімдеді Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +27
Ақтау +30
Ақтөбе +23
Атырау +29
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +27
П
Павлодар +26
Петропавл +24
С
Семей +31
Т
Талдықорған +29
Тараз +30
Түркістан +23
О
Орал +26
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер