23 қыркүйек 2014 15:29

"Ислам мемлекеті" тобына соққы беру кезінде 8 тұрғын қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Содырлар. ©REUTERS Содырлар. ©REUTERS

АҚШ Әскери-әуе күштерінің Сирия аумағындағы "Ислам мемлекеті" террорлық тобына соққы жасауы кезінде кем дегенде сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Құрбандардың үшеуі - бала.


АҚШ Әскери-әуе күштерінің Сирия аумағындағы "Ислам мемлекеті" террорлық тобына соққы жасауы кезінде кем дегенде сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Құрбандардың үшеуі - бала.

Әуеден жасалған соққының нәтижесінде 30 шақты лаңкестің көзі жойылды. Еске сала кетейік, соққы 20 нүктеге бағытталған болатын, олардың арасында командалық және бақылау орталықтары, жаттығу лагерьлері мен қару-жарақ қоймалары бар. АҚШ соққы жасауға Rockwell B-1 стратегиялық бомбалаушыларын, F-16s және F-18s жойғыш ұшақтарын, MQ-1 Predator пилотсыз ұшу аппараттарын қолданды.

Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обаманың америкалық әскерилердің қарулануына және Сирияның "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы күресуші оппозициясының сарбаздарын оқытуына құқық беретін заңға қол қойғаны хабарланған еді. Америка басшысының айтуынша, Сирия оппозициясын қаруландыру мен жаттықтыру жөніндегі жоспарды қолдау АҚШ азаматтарының "Ислам мемлекетіне" қарсы тұруға бір кісідей жұмылғанын көрсетеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети