04 наурыз 2020 12:39

2020 жылы қай мерекелер жексенбіге түседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2020 жылы үш мереке - 8 Наурыз, Наурыз мейрамының екі күні мен Конституция күні жексенбіге түседі. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер үш күн демалысынан айырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2020 жылы үш мереке - 8 Наурыз, Наурыз мейрамының екі күні мен Конституция күні жексенбіге түседі. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер үш күн демалысынан айырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Uchet.kz сайтының мәліметінше, Халықаралық әйелдер күні 9 наурызға, дүйсенбіге ауыстырылады. Алайда енді жаңа ереже бойынша қазақстандық шенеуніктер әдеттегідей жұмысқа шығады, дүйсенбі олар үшін жұмыс күні болып саналады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер Наурыз мейрамындағы бір күн демалыста да демалмайтын болды. Себебі 21, 22 наурыз мейрам күндері демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, ол күндер дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады. Бірақ әзірше осы күндердің нақты қайсы мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс күні болатыны белгісіз.

Биыл 30 тамыз Конституция күні де жексенбіге түсіп тұр, ол күн 31 тамызға дүйсенбіге ауыстырылады.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, мемлекеттік қызметшілер келесі дүйсенбі күні жұмысқа шығуға тиіс болатынын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети