05 наурыз 2020 09:05

Тоқаевтың баспасөз хатшысы мереке күндері кімдердің жұмыс істейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің демалыс күндері мемлекеттік қызметкерлердің жұмысқа шығу туралы мәлімдемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің демалыс күндері мемлекеттік қызметкерлердің жұмысқа шығу туралы мәлімдемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде еліміз көршілес мемлекеттердегі коронавирус індетінің таралу қаупімен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлармен (қардың қалың болуы, су тасқыны) және басқа да қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын білесіздер. Мұның бәрі барлық мемлекеттік құрылымдардың шұғыл әрі жүйелі жұмыс істеуін талап етеді.

Сондықтан Президент мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін күні (дүйсенбі) жұмысқа шығуын орынды санайды. Бұл жерде Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, министрліктердің, Мемлекет басшысына тікелей бағынышты ведомстволардың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінің қызметкерлері туралы сөз болып отыр", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Берік Уәлидің айтуынша, Қазақстан заңнамалары толық сақталуы тиіс.

"Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 32-бабына сәйкес, демалыс және мереке күндері кезек күттірмейтін, алдына ала жоспарланбаған жұмыстарды орындау үшін мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа шақыруға болады.Еңбек кодексі бойынша, мемлекеттік қызметшілер өздерінің жазбаша келісімімен ғана жұмысқа шыға алады және олардың еңбегіне ақы төленуі тиіс.

Еңбек кодексінің 85-бабына сәйкес, демалыс, мереке күндері жұмысқа шыққан қызметкерге өз қалауы бойынша бір күндік демалыс беріледі немесе бір күндік еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді.
Осылайша Еңбек кодексінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік қызметшілерді мерекеден кейінгі демалыс күні де жұмысқа шақыруға болады", - дейді Президенттің баспасөз хатшысы.

2020 жылы қай мерекелер жексенбіге түседі?

Жалпы заңнама өзгермейді дейді. Айтуынша, Мемлекет басшысы ондай тапсырма берген жоқ.

"Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа еңбек этикасын қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілер мен еліміздің барлық азаматтарын еңбекқорлық пен жауапкершілік идеологиясын ілгерілетуге шақырғанын атап өткім келеді. (...)Қасым-Жомарт Кемелұлының осы сөздері, ең бірінші кезекте, мемлекеттік қызметшілерге бағытталғанына сенімдімін", - дейді Берік Уәли.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, мемлекеттік қызметшілер келесі дүйсенбі күні жұмысқа шығуға тиіс болатынын айтқан еді.

Ал кейінірек Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілев қазақстандықтардың 9 наурызда демалуына қатысты сұраққа жауап берген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети