03 наурыз 2020 22:01

Мемқызметкерлер мереке жексенбіге келетін жағдайда келесі күні демалмауы мүмкін. Тоқаев тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: needoftravel.ru Сурет: needoftravel.ru

Мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, мемлекеттік қызметшілер келесі дүйсенбі күні жұмыса шығуға тиіс болады. Мемлекет басшысы Үкіметке және Президент Әкімшілігіне тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметке және Президент Әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс", - деп жазған Президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, 8 наурыз жексенбіге түсіп тұр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети