04 наурыз 2020 14:03

Қазақстандықтар 9 наурызда жұмысқа шыға ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілев қазақстандықтардың 9 наурызда демалуына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті директорының орынбасары Думан Әбілев қазақстандықтардың 9 наурызда демалуына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер Президенттің мереке күні демалыс күніне түссе, дүйсенбі мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс күні болып есептелетіні туралы тапсырма бергенін білесіздер. Мерекелер туралы заң бойынша, мереке күн демалыс күніне түссе, ол күн келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Бұл заң барлық қазақстандыққа қатысты, бірақ мемлекеттік қызметкерлер үшін емес деген еді Президент. Қазіргі уақытта премьер-министрдің кеңсесінде мүдделі органдармен осы заң нормасы талқыланып жатыр.

Мен өз атымнан бұл норманың құқық қорғау органдары мен арнайы органдарға ғана қатысы бар болуы мүмкін екенін айта аламын. Біз - әкімшілік қызметкерлерміз. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің белгілі бір категорияларына ғана қатысты болуы мүмкін, мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мереке күндері қоғамдық тәртіпті реттеу үшін жұмысқа шығуы мүмкін. Тапсырма осы мақсатта берілген шығар", - деді Думан Әбілев. 

2020 жылы қай мерекелер жексенбіге түседі?

Оның айтуынша, 9 наурызда қазақстандықтар демалады.

"Бастапқыда мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа шығуы үшін мерекелер туралы заңға өзгерістер енгізу керек", - деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, мемлекеттік қызметшілер келесі дүйсенбі күні жұмысқа шығуға тиіс болатынын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети