21 жастағы астаналық геймер немере ағасын пышақтап өлтірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астанада өткен түнде 21 жастағы жігіт өз немере ағасын өлтіріп, үш туысын пышақтап жарақаттады. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың арасында компьютерлік ойынға байланысты жанжал туындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада өткен түнде 21 жастағы жігіт өз немере ағасын өлтіріп, үш туысын пышақтап жарақаттады. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың арасында компьютерлік ойынға байланысты жанжал туындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұстафин көшесіндегі пәтерде 60 жастағы әйел мен одан 10 жас кіші сіңлісі бірге тұрған. Олардың бірімен бірге балалары және жұмыссыз жүрген жиені сол үйде тұрып жатқан. Жігіттің жалғыз қызығушылығы — Standoff 2 ойыны, онда ойыншылар бірінші тұлға ретінде жауларын атып, граната лақтырып, пышақпен шабуыл жасай алады.

Тергеу нұсқасы бойынша, сол түнде күдікті смартфонында сүйікті ойынын ойнап отырған. Түнгі сағат 3 шамасында тәтесі одан телефонды сөндіріп, ұйықтауын сұраған, себебі бүкіл отбасы демалып жатқан. Алайда ол бұл өтінішті елемеген. Кейін тәтесі тағы да Ж.мен басқаларға ұйықтауға кедергі жасамауын талап еткен. Мүмкін, осы себептен отбасы мүшелері арасында жанжал шыққан.

Барлығы ұйқыға кеткеннен кейін,күдікті ас үй пышағын алып, немере ағасы мен өзіне ескерту жасаған тәтесінің ұлына 20-дан астам соққы жасайды. Жарақаттардың қатты болуынан 28 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.

Оның айқайынан оянған басқа туыстарына да ер адам пышақпен шабуыл жасаған. 50 жастағы әйелдің беті мен мойнында көптеген кесілген жарақаттар бар, 60 жастағы тәтесінің қабырғалары сынған, кеуде қуысы мен басқа да бөліктерінде терең жарақаттар анықталған.

Шабуылдаушының немере қарындасы да зардап шеккен. Оның басы, кеуде қуысы және арқасында көптеген пышақ жарақаттары бар.

TengriNews.kz тілшісіне аталған жағдайды Астана қаласының полиция департаменті растады.

"Астана қаласының 21 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жанжалға туыстарының ескерту жасауы себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр"- деді ПД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer